Оңтүстік Корея тарихындағы алғашқы әйел президентке рақымшылық жасалмақ

Алиакпар Қадырбаев

Мұндай шешім гуманитарлық себептермен қабылданған

экс-президент Пак Кын Хе, фото: reuters

Оңтүістік Корея билігі жемқорлық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 22 жылға бас бостандығынан айырылған экс-президент Пак Кын Хені жыл қарсаңында рақымшылыққа ілінетін адамдардың тізіміне қосты. Бұл туралы жұма күні Yonhap агенттігі хабарлады.

Экс-президенттің рақымшылыққа ілігуіне оның денсаулық жағдайы себеп болып отыр. 2019 жылы Пак Кын Хе иығына ота жасатқан, ал биыл экс-президент үш рет ауруханаға түскен.

Еске салайық, Пак Кын Хе - ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған төртінші экс-президент.

Пак Кын Хе — 1979 жылы қастандықпен өлтірілген елдің бұрынғы президенті Пак Чон Хидің қызы. Ол елін кедейшіліктен алып шығып, әлемнің дамыған мемлекеттердің біріне айналдырған саясаткер ретінде танымал. 1998 жылы Кын Хе әкесі құрған партиясы атынан парламентке сайланған. 2012 жылы Оңтүстік Корея тарихындағы бірінші әйел президент болды.

2016 жылы құрбысына мемлекеттік құпияны жариялады деп және коррупцияға байланысты айыптар тағылды. Жаппай наразылық шараларынан кейін парламент оған импичмент жариялады. 2017 жылы ол ұсталды.