×

Атырауда көлік мұз астына түсіп кетті

Қайғылы оқиға Жайық өзенінде болған

 Халық үні 28.01.2024 | 19:41
фото: видеодан скриншот

Бүгін, 28 қаңтар күні сағат Атырау қаласындағы Жайық өзенінде мұз ойылып, көлік астына түсіп кетті. Бұл туралы қала әкімдігі Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомство ақпаратынша, бүгін сағат 13:08 шамасында Курилкино ауылы тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, көлік суға түсіп кеткен.

Аталған жерге су құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техникасы жеткізілді. Оқиға орнында 1992 жылы туған жүргізуші көз жұмып, 2006 жылы туған жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, арнайы белгі қойылған, рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу қажеттігін ескертеді, - делінген хабарда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама