Келісімшарт қазірдің өзінде қолымызда, - дейді ол
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 2024 жылдың наурыз айында кезекті жекпе-жегін Тайландта өткізеді, деп хабарлады Prosports.kz.
Келесі жекпе-жек наурыз айының басында өтуі керек. Келісімшарт қазірдің өзінде қолымызда... Дәл сол себепті мен Тайландта осы жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Нақты уақытты және қарсыласты кейінірек хабарлаймыз. Бірақ қарсылас үміткерлердің арасында қазірдің өзінде қызықты есімдер бар, олармен келіссөздер жүргізілуде, - деді Хамитов.
Қуат Хамитов (26-7-2) алдыңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 19 мамырында Алматыда өткізіп, Hardcore MMA 62 турнирінде бірауызды шешіммен грузиялық Залимхан Юсуповты (19-15) жеңген болатын.