×

Кабирхан наурыз айында Дубай кубогына қатысады

Al Maktoum Challenge (1 топ) Presented by Longines – барша әлем көз тіккен мәртебелі бәйге. 

 Халық үні 27.01.2024 | 23:22
Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Кабирхан сәйгүлігі атақты Meydan ипподромында өткен Al Maktoum Challenge бәйгесінде тағы да бірінші келіп, алдына қара салмады.

Дубайдағы беделді бәйгеде жеңіске жеткен сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиевті бүгін Астана әуежайынан ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен БАҚ өкілдері күтіп алды.

«Ресейден де бүкіл атбегілер дұғаларын оқып, көмек берді. Аттың өзі Кабирхан да қазақ секілді ғой. Финалға түсіп тұрмыз. 30 наурызда 27-рет өтетін Дубай кубогына қатысамыз», - дейді Кабирханның иесі.

Сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиев Ұлттық спорт қауымдастығының Youtube-арнасына берген эксклюзивті сұхбаты барысында біршама тың деректермен бөлісті.

Айтуынша, Кабирханның тұрқын көрген ат сыншылары оны 100 жылда бір туатын тұлпар деп бағалаған. 9 рет бәйгеге шауып, соның сегізінде бірінші, тек біреуінен екінші келген Кабирханға ат ұстаушылардың назары бірден ауған.

Кабирханды сат дегендер көп болды. Ресейден де сұрады. Бірақ келісе алмадық. Қанша ұсынғандары құпия болып қалсын. Ең көбі 1 миллион доллар ұсынды, сатпадым, – дейді аттың иесі.

Айта кетейік, 12 қаңтарда Дубайда өткен мәртебелі бәйгеде қазақстандық Тілек Мұханбетқалиевтің тұлпары топ жарған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама