Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты
Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 27 қаңтар таңғы сағат 09:00–де Алатау ауданында болған.
Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі, 2003 жылы туған азамат И. Емцов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен де, автобуспен соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан жеңіл машина жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустың төрт жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.