Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
27 қаңтарда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.0. Магнитудасы - MPV 5,5. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,26°. Тереңдігі - 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласы – 2 балл жер сілкінісі сезілген», - делінген хабарламада.