Жетісу облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E маркалы көліктің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E көлігінде болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.