Halyq Uni логотип
×

Елімізде алаяқтармен күресудің жаңа әдісі іске қосылмақ

Соңғы жылдары қаржылық алаяқтықпен байланысты қылмыстардың саны өскен

 Дәурен Ерболат 27.01.2024 | 17:00
Елімізде алаяқтармен күресудің жаңа әдісі іске қосылмақ
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда қарыз алушылардың құқығын қорғайтын, алаяқтармен жаңа әдіс арқылы күресуге мүмкіндік беретін заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Бұл туралы депутат Айдарбек Қожаназаров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс депутаттарының қарауындағы заң жобасында «қазақстандық кредитін 90 күннен асатын мерзімге кешіктірсе, оған жаңа тұтынушылық несие берілмейді» деген норма қызу талқыланып жатыр.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында баспанасынан шығаруға тыйым салынбақ. Банк омбудсменіне азаматтардың барлық (тек ипотекалық емес) несиесі бойынша дауларды шешуді міндеттеу ұсынылады. Бұл ретте оның шығарған шешімі банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар үшін міндетті болады, - деді Айдарбек Қожаназаров.

Оның айутынша, соңғы жылдары қаржылық алаяқтықпен байланысты қылмыстардың саны өскен. Соңғы 2 жылда банктерде 14,6 млрд теңгеге 7,8 мың жалған несие рәсімделген. Сондықтан алаяқтармен күресудің жаңа әдісі керек.

Олардан қорғану үшін қазақстандықтарға несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы берілді. Енді азаматтар кредит алудан бас тартса, алайда оның атына несие рәсімделсе, ақшаны берген тарап қарызды есептен шығаруға міндетті болады, - деп түсіндірді Мәжілістегі Respublica партиясының төрағасы.

Сонымен қатар Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында мынадай нормалар бар:

  • Қарыз алушылардың кредиті бойынша борыштың өсуіне жол бермеу;
  • Несиесі 90 күннен аса төленбеген қазақстандықтарға қарызы бойынша үстемені есептеуге тыйым салу;
  • Банк омбудсменінің құзыретін кеңейту;
  • Проблемалық кредиттердің реттеу процедурасын іске асыру;
  • Тұтынушылық несие сомасын шектеу;
  • Мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеу шеңберінде азаматтардың құқығын қорғауды күшейту және тағы басқа.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама