СІМ мен ЕО өкілдері кездесті
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесті.
Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:
Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.