Кабирхан Дубайда өткен жарыста тағы да жеңіске жетті
Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады
Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті.
БҚО бәйге федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы окс чемпионы Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.
Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.
Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады.
Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.