Halyq Uni логотип
×

«Хиджаб киюге тыйым салынуы керек» - Ринат Зайытов

Бұған тоқтау қою керек, дейді ол

 Халық үні 26.01.2024 | 22:38
«Хиджаб киюге тыйым салынуы керек» - Ринат Зайытов
Ринат Зайытов, фото: Halyq Uni

Кәмелетке толмаған балаларды мешітке тек ата-анасымен баратындай қылуымыз керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ne boldy Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Halyq Uni.

Оның айтуынша, бұл шешімге халық қарсы шықпайды. 

Хиджаб киюге де тыйым салынуы керек. Біздің тәлімгерлік туралы заңның ішіне енген мектептегі бірыңғай форма қатаң сақталуы қажет. Бұның бәрі сол радикалды топтар, сол элементтер арқылы біздің қоғамға іріткі салмаса болмайтын әрекет еді. Мен де басында қарсы емес едім. Кім немен барады, нелерің бар дейтінмін. Бірақ қазір соны арнайы пропаганда ретінде пайдаланады, өздерін даралау мақсатында пайдаланады. Бұған тоқтау қою керек, - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама