Halyq Uni логотип
×

Ташкентте аспалы жол көлігі пайда болады

Өзбекстан мен ҚХР арасында екіжақты инвестициялық келісімге қол қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 26.01.2024 | 15:43
Ташкентте аспалы жол көлігі пайда болады
Фото: podrobno.uz

Ташкент қаласында қытайлық компаниямен бірлесе отырып, аспалы жол көлігі іске қосылады. Осыған байланысты Өзбекстан мен ҚХР арасында екіжақты инвестициялық келісімге қол қойылды.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шавкат Умрзақов бастаған делегация Beijing North Bartholet Ropeway Technology Co., Ltd компаниясының өкілдерімен кездесті.

Ташкент қаласы хокимиятының хабарлауынша, жиында экоқоғамдық көлікті дамытудың бағдарламалары талқыланған.

Кездесуде Tashkent Investment Company пен Beijing North Bartholet Ropeway Technology компанияларының арасында инвестициялық келісім жасалды.

Beijing North Bartholet Ropeway Technology Co., Ltd – Қытай мен швейцариялық Bartholet Maschinenbau AG компаниясының бірлескен кәсіпорны. Бұл компания аспалы жолдар, ойын-сауық саябақтары, машина жасау мен жарықтандыру жабдықтары саласындағы әлемдегі көшбасшы кәсіпорынның бірі саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама