Halyq Uni логотип
×

«Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлының туған күнінде оған ерекше сыйлық жасады

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлын күнімен құттықтап, оған әкесінің сағатын тарту етті

 Халық үні 25.01.2024 | 22:50
«Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлының туған күнінде оған ерекше сыйлық жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлын туған күнімен құттықтап, оған әкесінің сағатын сыйға тартты.

Тележүргізуші ұлын туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

«Сакошым! Маған алғаш ана бақытын сыйлаған жарығым. Саған тілер тілегім аналық жүрегімде. Құдайдан сұрарым тек денсаулық. Қалғанына өзіңнің ақылың мен еңбегің екі жақтап жеткізер, бұйыртса! Әкеңнен дарыған даналық сені биікке шығаратынына сенемін, менің ең жақын досым, ақылшым. Білімді бол, иманды бол. Ешқандай қиындық көрме. Достарыңның арасында осылай ойнап, күліп жүре бер. Әкесі екеуміз қатты армандайтынбыз, өзі де армандайтын. «Әкемнің осы сағатын таққым келеді» деп айтатын. Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама