Ақтөбе мектептерінде атыс ұйымдастыру үшін топ құрған адамның кім екені белгілі болды
Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғынын анықтады
Полиция Ақтөбе мектептернде атыс ұйымдасыру үшін топ құрған адамның кім екенін анықтады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
«Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғынын анықтады.Өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ», -делінген өабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.
Жыл басынан бері шетелде таралған осындай бірқатар жалған хабарламаларды ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілді.