«Бейіттің қасында келе жатырмын»: Атырауда 15 күн бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Халық үні

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

фото: видеодан скриншот

Атырауда 15 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

24 қаңтар күні Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтар күні тұрғылықты мекенжайынан шығып, қайта оралмаған 1985 жылы туған аудан тұрғынының мүрдесін анықтады.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, із-түзсіз жоғалған адам 9 қаңтарда сағат 22:30 шамасында анасына «Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім» деп хабарласқан.