«Бейіттің қасында келе жатырмын»: Атырауда 15 күн бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.
Атырауда 15 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
24 қаңтар күні Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтар күні тұрғылықты мекенжайынан шығып, қайта оралмаған 1985 жылы туған аудан тұрғынының мүрдесін анықтады.
Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, із-түзсіз жоғалған адам 9 қаңтарда сағат 22:30 шамасында анасына «Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім» деп хабарласқан.