Зейнетақы қорындағы қаражат 17,9 трлн теңгеге жетті
Оған салымшылардың зейнетақы жарналары ғана емес, 2023 жылы шамамен 1,6 трлн теңгені қамтыған таза инвестициялық кірістің арқасында қол жеткізілді
2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 трлн теңгеге немесе 21,8% ұлғайған.
Зейнетақы жинақтарының басым сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 17,3 трлн теңгеге жетті (2023 жылғы өсім – 21,6%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - 568,5 млрд теңге (2023 жылғы өсім – 27,6%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 5,3 млрд теңге (2023 жылғы өсім – 48,3%) болды.
2023 жылы салымшылардың шоттарына шамамен 2,2 трлн теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Ол – өткен жылғы көрсеткіштен 434,6 млрд теңгеге немесе 25,2% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5% мөлшерін БЖЗҚ-ға МЗЖ есебінен түсетін түсімдер қамтиды. Олардың мөлшері – 2,1 трлн теңге (бір жылдағы өсім – 25,3%). МКЗЖ есебінен 95,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті (бір жылдағы өсім – 24%). ЕЗЖ көлемі – 2,3 млрд теңге.
Зейнетақы жинақтарының едәуір өсуіне салымшылардың зейнетақы жарналары есебінен ғана емес, сонымен қатар 2023 жылы шамамен 1,6 трлн теңгені қамтыған таза инвестициялық кірістің арқасында қол жеткізілді. Бұл – өткен жылдың көрсеткіштерінен 685,4 млрд теңгеге немесе 77,7% артық.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 миллионға жетті. ЖЗШ-ның ең көп саны МЗЖ бойынша ашылған. Олардың саны – 11 088 699. МКЗЖ есебінен қалыптастырылған шоттар саны – 642 462, ЕЗЖ бойынша шоттар саны – 397 231.