7 қалада аэропорттың құрылысы басталады
Көлік министрлігінде шағын авиацияны дамыту мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиынды Көлік министрі Марат Қарабаев жүргізіп отырды. Оған Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, «Жетісу» және «Южное небо» әуе компанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар мен Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.
Кеңесте жоғарыда атап өткеніміздей, шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Жиынның қорытындысы бойынша Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайлардың құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.