АҚШ-та жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді
2020 жылы тағы бір сәйгүлік боксшы Геннадий Головкиннің атымен аталған болатын
АҚШ-та жүйрік атқа теннистен еліміздің бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинаның есімі берілді, деп хабарлады Rraketkasi Telegram-арнасы.
Америка Құрама Штаттарында былтырдан бері «Рыбакина» деген лақап аты бар 3 жасар жылқы жарыстарға қосылып келеді. Ол осы уақытқа дейін екі жарысқа қатыстырылып, оның бірінде 3-орын алды. Қолда бар мәліметке қарағанда, «Рыбакинаның» жалпы табысы дәл қазір 7 340 доллар болып отыр, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімін беру алғаш рет болып отырған жоқ. 2020 жылы АҚШ-та тағы бір сәйгүлікке боксшы Геннадий Головкиннің есімі берілген болатын. Қазір оның иесі жылқыны Құрама Штаттарда жарысқа қосып жүр.