Тоқаев Бішкекке барды

Дастан Жұмабекұлы

Қырғызстанда шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер болады

фото: ҚазАқпарат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Бішкек қаласына барды.

«Қазақстан Президентін Бішкектің «Манас-2» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми азаматы қарсы алды», – деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстанда Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән беріп, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылады.

«Ал ертең, яғни 27 мамыр күні Тоқаев Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады», – делінген хабарламада.