Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында жол шетінде жатқан адамды көлік қағып кетті

Тәртіп сақшылары қайтыс болған адамның болжам бойынша мас болғанын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 25.01.2024 | 12:06
Павлодар облысында жол шетінде жатқан адамды көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Павлодар облысы Успен ауданында жол шетінде жатқан адамды көлік қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 23 қаңтарда Успен ауылындағы Гагарин-Чехов көшелерінің қиылысында «Газель» жүк көлігінің жүргізушісі жол шетінде жатқан адамды қағып кеткен. Тәртіп сақшылары қайтыс болған адамның болжам бойынша мас болғанын айтты. 

Қайтыс болған адам алған жарақаттан сол жерде көз жұмды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазір осы оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама