×

Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті

Ол облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы болған

 Халық үні 25.01.2024 | 07:30
фото: әлеуметтік желіден

Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісов қайтыс болды. 

Суық хабарды Теміртау қаласының әкімдігі хабарлады. 

Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісовтың қайтыс болуына байланысты, жақындары мен туғандарына қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Теміртау қаласында өтетін айтыстың шегерілгенін ескертеміз. Қосымша хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісов 1981 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Атасу орта мектебін тәмамдап, сол жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А. Бөкетов атындағы университеті филология факультетіне оқуға қабылданып, 2002 жылы бітірген.

Студенттік мүшайралардың жеңімпазы. 

Махамбеттің 200-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Қ.Аманжоловтың 90-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері. 

Бірқатар облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама