Halyq Uni логотип
×

Марина Овсянникова Вацлав Гавел атындағы сыйлық алды

Журналистке награда Осло қаласында тапсырылды

 Дастан Жұмабекұлы 26.05.2022 | 10:15
Марина Овсянникова Вацлав Гавел атындағы сыйлық алды
фото: delfi.lv

Ресейдің «Бірінші арнасының» бұрынғы қызметкері Марина Овсянникова Вацлав Гавел атындағы сыйлық алды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Ол награданы «Бірінші арнаның» кешкі жаңалықтар шығарылымы беріліп жатқанда тікелей эфирден көрініп, Ресейдің Украинадағы соғысқа қарсылығын білдіргені үшін алды. Сөйтіп, ол адам құқығы саласындағы сыйлыққа ие болды.

Журналистке сыйлық Норвегияның астанасы – Осло қаласында тапсырылды.

Ол 14 наурыз күні «Бірінші арнаның» тікелей эфиріне «Соғысты тоқтатыңдар. Насихатқа сенбеңдер. Мұнда бәрін өтірік айтады» деген жазуы бар плакатты көтеріп шыққан болатын.

Овсянникова арнада 2003 жылдан бері жұмыс істеп келді. Ол осы акциядан кейін сотқа тартылып, 30 мың рубль айыппұл төледі. Содан кейін Ресейден кетіп, Германияға қоныс аударды.

Марина Владимировна Овсянникова 1978 жылы 19 маусымда Украинаның Одесса қаласында туған. Анасы – орыс, әкесі – украин. Әкесі оның 5 жасында қайтыс болған. Ол сәуірден бері Германияның «Die Welt» газетінде істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама