Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Башқұртстанның сауда-саттығы 24 млрд доллардан асты

Сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар, - деді Әлихан Смайылов

 Дастан Жұмабекұлы 24.01.2024 | 17:16
Қазақстан мен Башқұртстанның сауда-саттығы 24 млрд доллардан асты
Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанаға делегациямен келген РФ Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесті.

Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. Бұған 2022 жылы тауар айналымы көлемінің 10% өсіп, 27 млрд долларға жеткені дәлел.

Өткен жылдың 11 айында да арадағы сауда-саттық жақсы нәтиже көрсетіп, шамамен 24 млрд доллар болды.  

Қазақстан-Ресей сауда қарым-қатынастарының дамуына Башқұртстан Республикасы елеулі үлес қосып келеді. Аталған кезеңде өңірлер арасындағы тауар айналымы 350 млн доллардан асты. Осы ретте арадағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар, – деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Башқұртстан басшысы өнеркәсіп кооперациясын одан әрі тереңдетуге және сауда қарым-қатынастарын дамытуға қызығушылық танытты.

Біздің кәсіпорындарымыздың экономикалық ынтымақтастығы артып келеді. Мүмкіндіктердің енді ғана іске асырыла бастағанын көріп отырмыз. Тауар айналымын одан әрі ұлғайту алдағы жылдардағы ортақ міндетіміз деп санаймын. Бұл үшін тиісті алғышарттардың барлығы бар, – деді Радий Хабиров.

Бүгін Башқұртстан басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама