Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жаңа туған сәбиге құтқарушының есімі берілді

Амангелді Доскенов нәрестені ауруханадан шығарып алу рәсіміне қатысты

 Дастан Жұмабекұлы 24.01.2024 | 12:21
Ақмола облысында жаңа туған сәбиге құтқарушының есімі берілді
Фото: gov.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысында сәбиге 10 қаңтарда аязға қарамастан, боранды күні анасы мен ұлын құтқарған Ерейментау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының есімі берілді.

Әйел баласымен боранда қалғанда жүктіліктің 35-аптасында болған.

22 қаңтарда Амангелді Доскеновке әйелдің отбасы қоңырау шалып, сәбиді ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.

Сол кезде нәресте құтқарушының алақанын сезініп, балаға Амангелді деген есім берілді.

Дүниеге аман-сау келген Амангелді – отбасындағы жетінші бала. Баланың ата-анасы 7 санын қазақтар үшін ерекше, қасиетті сан деп ырымдап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама