Қарағанды теннис мектебінің түлегі ½ финалда мықты қарсыласпен ойнайды
Аустралияда теннистен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Australian Open турнирінде Әмір Омарханов ширек финалға шықты.
Әмір Омарханов ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ¼ финалға жолдама алды. Ол үшінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жеңді. Корей теннисшісі тізімде 26-орында тұрса, Омарханов – 27-орында.
Матчқа келсек, отандасымыз бірінші сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал екіншісінде Ким есе қайтарды. Үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Қорытынды есеп 6:0 болды.
Матч 1,5 сағаттан астам уақытқа созылды.
Енді Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингпен кездеседі.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі ½ финалда кортқа мықты қарсыласпен шығады. Дегенмен оны да жеңуге күші жетуге тиіс.