Осы қылмысқа қатысты күдіктіні полиция көп ұзамай ұстаған
Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында жастар арасында өзара келіспеушілік болып, соңы мектеп оқушысының өлімімен аяқталды, деп хабарлады «Ақ Жайық».
Оқиға қаланың сырт жағында болған. Түнгі сойқанға қатысқан жастардың арасында мектеп оқушылары да бар болып шықты. Жанжал кезінде М. Сатыбалдиев атындағы орта мектептің 2006 жылы туған, 11-сынып оқушысы пышақ жарақатынан ауруханаға жетпей қайтыс болған.
Жалпы бұдан бөлек 2006-2007 жылы туған екі бала түрлі дене жарақатын алған. Тағы бірнеше жарақат алғандар аудандық ауруханаға жеткізілді.
Осы қылмысқа қатысты күдіктіні полиция көп ұзамай ұстаған.