×

Елордадағы цехта 1200 шаршы метрді шарпыған өрт болды

Елордадағы жиһаз жасайтын цехта ірі өрт болды

 Халық үні 24.01.2024 | 06:31
Фото: Астана ТЖД

Елордадағы жиһаз жасайтын цехта ірі өрт болды. Жүзге жуық өрт сөндіруші 18 арнайы техникамен өртпен 2 сағатқа жуық арпалысты, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

«23 қаңтарда, тиісті хабарлама түскен соң, сағат 21:20-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайында болып жатқан өртті сөндіруге аттанды. Сағат 21:26-да жиһаз жасайтын өндірістік цехта 1200 ш.м. алаңда жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттері өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуын болдырмады. Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 22:40-та қызыл жалын оқшауланып, сағат 23:19-да жойылды», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы мен 18 бірлік техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама