Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың өкілеттігі тоқтатылады

Халық үні

Мәжіліс Respubliсa партиясынан сайланған депутат Динара Шүкіжанованың өкілеттігін тоқтату мәселесін қарайды.

Фото: parlam.kz

Мәжіліс Respubliсa партиясынан сайланған депутат Динара Шүкіжанованың өкілеттігін тоқтату мәселесін қарайды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындаған.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.А. Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», - делінген хабарламада.