Еліміздің екі өңірінде жолдар жабылды
2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
23 қаңтар, сағат 18.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жетісу облысында– 1 учаске
«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
«Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 км.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1381 жолшы жұмылдырылды.