Басқарма мен комитет басшылары ауысты
ІІМ-де ауыс-түйіс болды, деп хабарлады polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы қызметіне Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін басқарған.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Бұған дейін ол Шымкент қаласы және Түркістан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарған.
Сондай-ақ Жетісу облысы полиция департаментінің басшысы қызметін Сарқытбай Құсайынов атқаратын болды. Бұл қызметке дейін ол ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарған.