Halyq Uni логотип
×

Бурабайда кәсіпорын қызметкері 7 тонна бидайды заңсыз сатып жіберген

Олардан тағы бір кәсіпорын басшысы 57 тонна астық сатып алғанда жетіспеушілік анықталған

 Еркеғали Болатұлы 23.01.2024 | 15:41
Бурабайда кәсіпорын қызметкері 7 тонна бидайды заңсыз сатып жіберген
фото: pokayadoma.ru

21 қаңтарда Ақмола облысының Бурабай полиция бөліміне жергілікті кәсіпорындардың бірінің басшысы 7 тонна 800 келі астық ұрлау фактісі туралы өтінішпен жүгінген.

Ер адам қаңтар айының басында кәсіпорын басшысы 57 тонна астық сатып алғанын, ал оны кейін түсіру кезінде жетіспеушілік анықталғанын айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорын қызметкерлерінің бірі анықталды. Айтуынша, 13 қаңтарда ЗИЛ автокөлігімен қоймаға белгісіз ер адам келіп, одан бидай сатып алу мүмкіндігін сұраған. Сөйтіп ол кәсіпорынға тиесілі астықты соған сатып жіберген.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама