×

Гүл сортына Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Сорттың авторы – Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин

 Халық үні 26.05.2022 | 08:40
Фото: egemen.kz

Аты әлемге танылған жерлесіміз Димаштың 28 жасқа толуына орай «Babite» латвиялық тәлімбағында «Dimash Qudaibergen» атындағы рододендрон сұрыпының 8 эксклюзивті көшеттері пайда болды.

Dimash Qudaibergen сорттың авторы – Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин.

Әншінің латвиялық «Dimash Latvia Dears» фан-клубының бастамасымен 50 мыңға жуық адам баратын «Babite» паркінде «Қазақстан бұрышы» ашылған. Сонымен қатар, онда Димаштың әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне аталған бозғылт қызғылт түсті гүлшоғыры бар. Ол «Miuaniz» жапырақты сорттары деп аталады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай алтын-сары гүлдері бар «Qazaqstan» жасыл сорттары да кездеседі.

«Dimash Qudaibergen» сортының эксклюзивті көшеттерінің үшеуі саябақта қалса, біреуі Димаштың өзіне сыйға тартылады, ал соңғысы Нұр-Сұлтан қаласының ботаникалық бағына беріледі.

Айта кетсек, Қазақстан мен Латвияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына биыл 30 жыл толды. Соған байланысты 18 маусымда аталған рододендрондар паркінің «Қазақстан бұрышында» дәстүрлі кездесу өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасымен кездесті

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді
09.06.2023 | 13:51

Қуантыров Қазақстанның санкцияларды айналып өтетін аумақ еместігін ескертті

Жалпы, санкция салатын – сіздер, зардап шегетін – біз, - деді министр
09.06.2023 | 13:34

Қазақстанда терроризмді қаржыландыруға қарсы жүйе қалыптасқан – халықаралық сарапшылар

Өзара бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы стандартты мониторингке қойылды
09.06.2023 | 13:13

Қарақшылық үшін 20 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер анықталды

Ол Ресей Федерациясының азаматтығын алып, сол елде отбасын құрған
09.06.2023 | 12:48