«Әл-Наср» мен «Әл-Хиләл» Кевин Де Брюйнені, «Әл-Иттихад» Мохаммед Салахты өз қатарынан көргісі келеді
Сауд Арабиясының кәсіпқой футбол лигасы жазғы трансфер кезінде 2 миллиард фунт жұмсауға дайындалып жатыр.
Америкалық журналист Бен Джейкобстың айтуынша, Сауд Арабиясының кәсіпқой футбол клубтары жазғы трансфер кезінде әлемге әйгілі футболшыларды сатып алуды көздеп отыр.
«Әл-Наср» мен «Әл-Хиләл» «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Кевин Де Брюйнеге қызығушылық танытып жатқан сияқты. Ал «Әл-Иттихад» «Ливерпуль» командасының шабуылшысы Мохаммед Салахты өз қатарынан көргісі келеді екен.
Сонымен бірге Стивен Джеррардтың «Әл-Иттифақ» командасы «Ливерпуль» клубынан Тиаго Алькантараны сатып алуды жоспарлап отыр. «Әл-Хилал» мен «Әл-Ахли» Сон Хён Мин мен Виктор Осимхенді де сатып алғысы келетін көрінеді.