Тоқаев 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады
Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес, 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады.
Бұл туралы Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді, - деп жазды ол желідегі парақшасына.