Halyq Uni логотип
×

Алматыда жер сілкінісі кезінде 3 адам терезеден секіріп кеткен

Бір адамның жағдайы ауыр

 Халық үні 23.01.2024 | 07:40
Алматыда жер сілкінісі кезінде 3 адам терезеден секіріп кеткен
фото: Halyq Uni

Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-те 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды.

Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген.

Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр.

Үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама