×

Алматыда тағы да жер сілкінді

Зілзала магнитудасы 2-3

 Халық үні 23.01.2024 | 01:00
фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев қалада тағы да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. 

Құрметті Алматы тұрғындары! Сағат 12:42-де «Сейсмикалық станциялар желісі «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС қайталанған жер сілкінісін тіркеді.

Магнитудасы - 2-3. Сіздерден сабыр сақтауды, қауіпсіз орындарда болуды, көшеде, ғимараттардан алыс жерлерде болуды сұраймыз. Қазіргі сәтте «112» дағдарыс орталығына Алматы қаласы бойынша ғимараттардың қирауы туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - деді Атығаев. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама