Алматыда жер сілкінісі болды: ТЖД мәлімдеме жасады
Алматылықтар жер дүмпуінен кейін жаппай көшеге шықты
Алматы тұрғындары 23 қаңтар түнгі cағат 00:05 шамасында жер сілкінісін сезді.
«Сейсмикалық станциялар желісі «НТЦСН и И» ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 23 қаңтар 2024 ж. Алматы уақыты бойынша сағат 00:09:02-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан, - деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1.
Магнитудасы - MPV 6.7.
Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша - 41,22°. 1,78° В
Тереңдігі - 65 км.
Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы - 4 балл
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
Ғимараттан шығыңыз;
Көп қабатты үйлерде жер сілкісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.