Бұдан әрі олар Мәжілісте талқыланатын болады
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бүгін Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру аяқталғанын хабарлады.
Уәкілдің айтуынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату, сондай-ақ отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құру жөніндегі барлық түзетулер Үкімет қорытындысында қолдау тапты. Бұдан әрі олар Мәжілісте талқыланатын болады.
Үкіметтің қорытындысы – заң жобасымен жұмыс істеудің маңызды және көп уақыт алатын бөліктерінің бірі. (Оң қорытынды шықпаса, іс жүзінде норма қабылданбайды). Сондықтан кейінгі бірнеше ай бойы, демалыс күндерінде де ПА, Премьер-Министр Кеңсесі, Әділетмині, БП, ІІМ, Еңбекмині, ЕХӘҚМ-індегі әріптестеріммен норманы ұсынылған түрде қолдау және ол құқық қолдануда тиімді болуы үшін баптардың редакцияларымен жұмыс істедік, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Мәселен, мен қыркүйекте AMANAT-тың Мәжілістегі фракциясында және БП-да таныстырған балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша енгізілген 40-тан астам түзету үкіметтен қолдау тапты, олар:
Профилактикаға қатысты:
Заң жобасы, әсіресе әйелдер құқығын қамтамасыз етуге байланысты маңызды толықтырулармен бірге AMANAT фракциясының депутаттары Аймағамбетов А.Қ., Бейсенбаев Е.С. бастамалары аясында қазан айында Үкіметтің қорытындысына бағытталған еді.
Үкімет қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс үшін Үкімет басшылығы, Бас прокуратура, ІІМ, мемлекеттік органдарға, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е. Ластаев, Жанысова М.К., профессорлар И.Ш. Борчишвили мен М.Ш. Қоғамов, Жанна Ахметова, Анна мен Ольга Рыльдарға, сондай-ақ әр түзетуді тіпті демалыс күндері мен кейде түнгі уақытта да талқылап, күн сайын жұмыс істеген мемлекеттік органдардың қызметкерлері Фаина Ибрагимова, Бекболат Бірназаров, Жұлдыз Баймашева, Юлия Овечкина, Ринат Зулхаировқа алғыс айтамын», - деді Динара Зәкиева.