×

Бағдат Мусин қытайлық миллиардермен үстел теннисін ойнады

Әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасының басшысына министрліктің жұмысы таныстырылды

 Халық үні 26.05.2022 | 06:45
Фото: ашық дереккөздерден

Цифрлық даму министрлі Бағдат Мусин мен Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпен Чжаоның үстел теннисін ойнаған сәті түсірілген видео пайда болды.

Бағдат Мусин әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасының басшысына министрліктің жұмысын таныстырып, ведомствоның жобалары мен жоспарлары, платформасы және eGov.kz пен мемлекеттік қызметтерді ұсынудағы мемлекеттің бизнеспен коллаборациясы туралы айтып бергені айтылады.

Сонымен қатар, криптобиржаның негізін қалаушы әрі басшысы мен ведомство басшысы уақыт тауып, үстел теннисін ойнаған.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Binance криптобиржасының негізін қалаушы және бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдаған болатын. Қос тарап Қазақстан мен Binance салалық құрылымдары арасындағы бірқатар саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен ЦДИАӨМ мен Binance арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама