СІМ Радий Хабировтың Астанаға қандай мақсатпен келе жатқанын айтты
Башқұртстан президенті Радий Хабиров Астанаға келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
23-24 қаңтарда Башқұрстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді. Сапар аясында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес форумына, сондай-ақ Қазақстан-Башқұртстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады, - деді Айбек Смадияров.
Еске салайық, 2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан басшысы Радий Хабировты қабылдады.
Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.