×

3 облыста көлік қозғалысы шектелді

Өңірдегі ауа райы қолайсыз

 Дәурен Ерболат 22.01.2024 | 09:05
Фото: orda.kz

Атырау, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарындағы жолдың 5 учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.

Атырау облысы – 1 учаске (жаңбыр, қар, көктайғақ):

  • Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолы – 616-833 шақырым, Атырау қаласы-Жұмекен ауылы.

Жетісу облысы – 1 учаске (боран, жол көрінбейді):

  • Үшарал-Достық тас жолы – 84-184 шақырым, Көктұма станциясы-Достық станциясы – 100 шақырым;

Батыс Қазақстан облысы – 3 учаске (жел, боран, жол көрінбейді):

  • Атырау-Орал тас жолы – 375-492 шақырым, Чапаев кенті-Орал қаласы – 117 шақырым;
  • Чапаев-Жалпақтал-Қазталов тасжолы – 0-213 шақырым, Чапаев кенті-Қазталов кенті – 213 шақырым;
  • Атырау-Орал тас жолы – 189-371 шақырым, Атырау облысының шекарасы-Чапаев кенті – 182 шақырым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама