×

Ауғанстандағы ұшақ апаты: ресейлік ерлі-зайыптылардың қаза тапқаны белгілі болды

Волгодонск кәсіпкерлері Евсюковтар отбасы ұлдарымен бірге желтоқсан айында демалысқа Тайландқа ұшып барған

 Халық үні 21.01.2024 | 22:42
Фото: әлеуметтік желіден

Мәскеуге ұшып бара жатып, Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ ішінде екі ресейліктің қаза тапқаны анықталды.Олар ерлі-зайыпты Волгодонск қаласының тұрғындары болып шықты, деп хабарлады Комсомольская правда басылымы.

Волгодонск кәсіпкерлері Евсюковтар отбасы ұлдарымен бірге желтоқсан айында демалысқа Тайландқа ұшып барған. Шетелде жүргенде әйелі қатты ауырып, жергілікті ауруханаға жатқызылған.

«Біз оны Паттайядан Мәскеуге жеткізу мәселесін шештік. Отағасы онымен бірге жеке ұшақпен Үндістаннан жанармай құйып ұшты. Ал ұлы бір ғана адамға ілесіп жүруге рұқсат етілгендіктен, Таиландта қалған. Алайда оқыс оқиға салдарынан ұшақ Ауғанстанда құлады», – делнген жазбаларда. 

Ұлы Мәскеуге тұрақты рейспен келіп, ата-анасының қайтыс болғанын естіген.

Айта кетейік, 20 қаңтарда Falcon 10 ұшағы байланысын тоқтатты және Өзбекстан шекарасына жақын Ауғанстан аумағында радиолокациялық экрандардан жоғалып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың бортында алты адам болды – төрт экипаж мүшесі және екі жолаушы. Әуе кемесі Гай (Үндістан) – Ташкент (Өзбекстан) – Жуковский (Ресей) бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсті орындаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама