Павлодар облысында 12 күн бұрын жоғалған екі баланың анасы табылды
12 күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны табылды
12 күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны табылды. Бұл туралы VITA іздеу отряды Instagram-парақшасында хабарлады.
«Баршаңызға рақмет! Полиция қызметкерлері тапты, аман», - деп жазды еріктілер.
Екі баланың анасы осынша күн бойы қайда болғаны және неліктен жоғалып, байланысқа шықпағаны әзірше белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында екі баланың анасы іздестіріліп жатқаны туралы БАҚ беттерінде жарияланған еді. 26 жастағы әйел 8 қаңтарда түскі уақытта Ертіс ауданы Қызылжар ауылынан таксимен Павлодарға кеткен.