×

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы өмірден озды

Жазушы 18 сәуірде 37 жасқа толған еді

 Халық үні 26.05.2022 | 05:23
Фото: ашық дереккөздерден

Торғын Жолдасбекқызы – «Араша» және «Кеш қалма» кітаптарының авторы. Жазушының жүзге жуық шағын әңгімелері түрлі басылымдарда шыққан. Жазушының соңғы шығармалары оның өмір жолындағы естеліктері мен әлеуметтік тақырыптарды қамтиды. Осыдан екі ай бұрын отандық арналардың бірінде жазушының соңғы сұхбаты шыққан.

Ол 1985 жылдың 17 сәуірінде Алматы облысында туған. Торғынның 10 жасында анасы жүре алмай қалып, көп ұзамай қайтыс болған. Ал жазушы 25 жасқа келгенде өзі мен әпкесінен кезінде анасының бойындағы ауру белгілері байқала бастаған. Тұқым қуалайтын ауру екенін түсінген олар тексеруден өтіп, анадан қызына берілетін өте сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққанын ұғады.

Торғынның әпкесі аурудан бірден қайтыс болса, ал жазушы тұрмысқа шығып балалы болғаннан кейін арбаға таңылды.

Торғын Жолдасбекқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде оқыған. Жазушы 25 жасында дертке шалдығып, арбаға таңылды. Марқұмның артында кәмелет жасына толмаған қызы қалды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама