×

«Ертең бұдан да асып түсуге уәде беремін» - Канвон Олимпиадасының жүлдегері Полина Омельчук

Ол шорт-тректен қола медаль жеңіп алған еді 

 Ербол Тұрымбет 21.01.2024 | 15:14
фото: Туризм және спорт министрлігі

Канвонда өтіп жатқан IV Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Полина Омельчук қазақстандықтарға сәлем жолдап, алғашқы әсерін жеткізді.

Баршаңызға сәлем! Қолдағандарыңыз үшін рахмет! Ол мен үшін өте маңызды әрі сондай әсерлі болды. Бұл – менің алғашқы Олимпиада ойындарым, ал мен әзірден-ақ жүлдегермін. Не айтарымды білмей тұрмын, бұл – мен үшін бақыттан да зор. Әлі ертеңгі күн бар, ертең бұдан да асып түсуге уәде беремін, – деді ол.

Айта кетейік, кеше отандасымыз Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен қола медаль жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама