×

Елордада үйіне келе жатқан ер адам күтпеген оқиғаға тап болды (ВИДЕО)

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

 Халық үні 20.01.2024 | 21:37
фото: видеодан скриншот

Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға елорда тұрғыны хабарласқан. Тұрғын өзін тонап, iPhone телефонын тартып алып кеткен күдікті туралы шағымданған. 

Жәбірленушінің айтуынша, ол кафеге барған соң үйіне қайтып келе жатқан. Дүкенұлы көшесінде оған бір жас жігіт келіп, ұялы телефонын беруін талап етеді. Бас тартқан тұрғынды жас жігіт ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің кім екенін анықтады. Оның ұрланған телефонды өтіп бара жатқан адамға сатып жібергені де белгілі болған. Алайда полиция қызметкерлері айғақты зат – ұялы телефонды тауып, иесіне қайтарды.

Қазір тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама