Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды

Ұйымдастырушылардың екеуі шетелдік болып шықты

 Динара Амантай 20.01.2024 | 10:01
Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz

Алматы облысындағы полиция қызметкерлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жойды. Оның екеуі фитолаборатория болып шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 келіден астам есірткі тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды, оның екеуі – таяу шетел азаматтары. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылып, 400-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы – шетелдіктер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама