Қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 20 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады, ауа-райы жауын-шашынсыз сақталады, тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, республиканың оңтүстік-шығысында қалың қар күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман күтілуде.