«Анамның «қарғысы». Сәкен Майғазиев көпшілікті ойландыратын жазба жариялады
Өнер иесі аузымыздан шыққан әрбір сөзге абай болу керектігін, адам баласын әдемі сөзбен қарғау керектігін айтады.
Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында қарғыс туралы жазба жариялап, көпшілікті сабырлы болуға шақырды.
Өнер иесі аузымыздан шыққан әрбір сөзге абай болу керектігін, адам баласын әдемі сөзбен қарғау керектігін айтады.
«Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: «Иә, бұл әкең… бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган…», деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, «Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр…» деп «қарғайық». Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым т.с.с жақсы сөздермен еркелетейік. 1984 жылдан бері бас имамдық міндетін атқарған әл-Судайс «Анамның қарғысымен» имам болдым» деп еске алады: «Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып «Қағбаға имам болғыр, Судайс» дейтін. Анамның осы «қарғысы» маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым», деген екен. Алла тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей», - деп жазды әнші.